АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 19 Наурыз 2024 09:46

№2 оқу корпусында «Наурыз мейрамы» ұлттық мерекесінің салтанатты тойлауы

2024 жылғы 19 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің №2 оқу корпусында «Наурыз мейрамы» ұлттық мерекесінің салтанатты тойлауы өтті. Колледж оқытушылары мен білім алушылары ұйымдастырылған тақырыптық байқауға белсенді қатысты.

Осы байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар жарияланды:

  • 1 орын – «Үлгілі ауылы», Мукушев Ж.С., Туяк А.Р. кураторлары, ӨҚ-21А және ӨҚ-21Б топтары;
  • 2 орын – «Наурыз ауылы», Касимов А.Р., Исаков Б.Ж., Исакова А.Д. кураторлары, ПБ-22А және ТЖ-21Б топтары;
  • 3 орын – «Үкілі-Ыбырай ауылы», Аяған А.Қ. кураторы, ӨҚ-41А тобы;

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды!