2024 жылдың 11 наурызында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Тарих және құқық ӘБ апталығы аясында «Бастауыш білім беру» мамандығының ПМНО-12А және ПМНО-12Б топтары тарих пәнінің оқытушысы О.С. Тюлебаевамен бірге «Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері» тақырыбын зерделеу аясында Көкшетау қаласының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Осы іс-шара тек экскурсия ғана емес, сонымен бірге берілген тақырыпты практикалық тапсырмалар арқылы белсенді және толыққанды зерттеу сабағы болып табылады.