АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 13 Наурыз 2024 04:30

«Тарих беттері бойынша» квест-ойыны

2024 жылғы 11 наурызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Тарих және құқық ӘБ апталығы аясында, Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында оқытушылар Касимова М.Д. және Бекжанова М.Е. колледж оқытушылары арасында «Тарих беттері бойынша» квест-ойынын өткізді.

Бұл іс-шараны өткізудің басты мақсаты ұжымдық іс-әрекет дағдыларын ынталандыру, сонымен қатар топтық және тұлғааралық қатынастар мәдениетін дамыту болып табылады. Іс-шара өте қызықты, көңілді және танымдық өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша командаларды мадақтамалармен және тәтті сыйлықтармен марапаттады.