2024 жылдың 11 наурызында АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында Тарих және құқық әдістемелік бірлестігі апталығының ашылуы өтті. Іс шараны ұйымдастыруға Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары Ахметов А.К., Еслям Ж.М., Хабдулин А.Б., Касимова М.Д., Оралова М.Б., Сарсенбаева А.Б., Кошкенова А.О., Тюлебаева О.С., Бекжанова М.Е және ПВ-22 тобының білім алушылары қатысты.
Оқытушылар мен білім алушылар тарих және құқық пәндері бойынша қызықты ойындар барысында сұрақтарға жауап беріп, дайындалған іс-шараға қуана катысты.