2024 жылдың 6 наурызында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Халықаралық әйелдер күніне орай Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің салтанатты сауық кеші өтті. Іс-шараны колледждің тәрбие бөлімі Жастар ісі жөніндегі комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Осы жарқын және тамаша кеште біздің белсенді білім алушыларымыз сахнада керемет өнерін көрсетіп, жиналған қонақтарды келе жатқан көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі құрметті ханымдарды келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтайды және бар жақсылықты тілейді!