АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 05 Наурыз 2024 04:21

«Алғыс айту күніне» арналған іс-шара

2024 жылдың 1 наурызында АҚЖКК Азаматтық қорғау кафедрасында оқытушы Балгожин Д.Е. ПБ-12С тобының білім алушыларымен «Алғыс айту күніне» арналған іс-шара өткізді.

Осы іс-шарада Балгожин Д.Е. кейбір қызықты тарихи оқиғаларды баяндап, топ студенттері арасында пікірталас өткізді.

Білім алушылар осы мерекеге арналған өз эсселерін ұсынды және оқытушыларға арналған алғыс сөздерімен бейне құттықтау көрсетті. Сонымен қатар, білім алушылар «Жақыныңды біл» атты ойынын ойнап, оқу тақтасында бір-біріне алғыс сөздерін қалдырды.