АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 29 Ақпан 2024 11:25

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша колледжішілік іріктеу турнирі

2024 жылғы 28 және 29 ақпанда АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkillsAqmola-2024» өңірлік чемпионатының колледжішілік іріктеу турнирі өтуде.

Бұл чемпионатқа қатысу білім алушылардың кәсіби деңгейін арттыруға және болашақ мамандар арасында тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Қатысушылар мектеп жасына дейінгі балалармен орыс және қазақ тілдерінде таңертеңгілік гимнастика кешенін өткізу, білім беру процесінің барлық қатысушыларына арналған ақпараттық-демонстрациялық стендті ресімдеу, «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» бойынша интерактивті жабдықты пайдалана отырып, ұйымдастырылған оқу қызметін әзірлеуде жарысады.