АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 24 Ақпан 2024 05:43

Құттықтаймыз!

2024 жылғы 22-23 ақпан аралығында Щучинск қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында «Білім беру» саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Іс-шараға арнайы пәндер бойынша әр колледжден 6 оқытушы қатысты. Байқау 3 модульден тұрды:

1 модуль – «Мен және қоғам»;

2 модуль – «Әдістемелік жоба»;

3 модуль – «Мультимедиялық технологиялар»;

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Бекназар Айдана Берікқызы өзінің шеберлігі мен ұшқырлығын көрсетіп жүлделі 3 орынды жеңіп алды

Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!