АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 07 Ақпан 2024 10:25

«Әліппемен қоштасу!» іс-шарасы

2024 жылдың 6 ақпанында АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында, «Сәлем, мектеп» тақырыбында «Бастауыш» ӘБ апталығы аясында, ПМНО-22С тобы дайындаған «Әліппемен қоштасу!» іс-шарасы өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын білім алушыларға сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру форматын көрсету болып табылады.

Білім алушыларға мектепте осындай іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар берілді.