2017 жылдың 6-сәуірінде Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде «Miss Kokshe 2017» сұлулық байқауы өтті. Байқауға колледжіміздің 7 білім алушы сұлу қыздары қатысты. Бойжеткендеріміз төрт тур бойынша сайысқа түсті: өзін-өзі таныстыру, шығармашылық, интеллектуалды тур және заманауи киімдер мен кеш көйлектер дефилесі. Сайыс нәтижелері бойынша барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып,үш қыз жүлделі орындарға ие болды.: «II вице мисс Кокше 2017» Шарай Елизавета ПВ-12 тобының білім алушысына бұйырды, «I вице мисс Кокше 2017» ПВ-12 тобының білім алушысы Ульяницкая Алина жеңіп алса, бірауыздан әділ-қазылар алқасының шешімімен КТ-11 тобының білім алушысы Камидоллина Аяулым «Miss Kokshe 2017» атағына ие болды.
Іс-шараның демеушілері "Евразия" мейрамхана кешені, "Bibonya" сұлулық салоны,"Той мереке" той агенствасы, "Кристина" сұлулық салоны, "Сәнді коктейль" киім бутигі, фотоесеп «Кипятком» .
Халитова Ф.Р.