2024 жылғы 24 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің жатақханасында Қазақстанда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында білім алушыларға «Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі» тақырыбында дәріс өткізілді. Іс-шара дәріскері - «Найб» Жастар ресурстық орталығының теологы Хуандык Бахытберген.
Кездесу соңында қатысқан білім алушылар деструктивті тенденциялар халық бірлігіне зиян келтіреді және қоғамның тұрақтылығын бұзады деген өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, олардың әрқайсысына жауап алды.