ХVII қалалық "Сұңқар" Универсиада бағдарламасы бойынша волейболдан күрделі спорттық жарыста 1-орынды жеңіп алған колледжіміздің волейболдан қыздар құрама командасын жеңістерімен құттықтаймыз!
Команда құрамы:
1. Муканова Камила Но-32 –команда капитаны
2. Хажиева Валентина ФК-32
3. Петри Виктория УиА-32
4. Чикалюк Ирина ПВ-22
5. Абылкасымова Назгуль ДТ-31
6. Выгузова Виктория ДОВ-22
7. Әбілқасым Гүлмереке ДТ-31
8. Ефимова Марина ФК-42
9. Исмаилова Гульден ФК-22
10. Пак Наталья ФК-12
Құрама команда жаттықтырушысы денешынықтыру және спорт оқытушысы Тыщенко Наталья Анатольевна.
Наталья Тыщенко: “ Ойыншыларымыздың біразы өздерінің қаншалықты мықты екендіктерін көрсетуге дайын, бірақ мен оларға ондай мүмкіндікті беруге асықпаймын, оларды запаста ұстауға тырысамын.
Бірақ мен аса сөйлей қоймайтын ойыншыға тосыннан оның орнын ауыстыра алатындай сұрақ қойғанда, ол ойлана бастайды. Мен классикалық музыканы өте жақсы көремін. Жуырда «Роделинду» Генделяны көріп тамашаладым. Оркестранттар мен флейтистердің іс-қимылдарын мұқият бақылап отырдым.
Міне үш сағатқа созылған бұл спектакльде, флейта үні маған өте сирек естілді. Оркестрде ойналған дыбыстың 100 пайызының үш пайызы ғана орындалды деп айтушы едім. Бірақ дирижер оларға ойнау мүмкіндігін бергенде олар мұны көрерменге тамаша жеткізеді. Міне- мінсіз команданың модельі осы! Басқаша айтқанда, әрбір ойыншы ол шешуші кез болсын кез келген сәтте шығуға дайын болып, өз жұмысын орындауға тиіс. Ал елестетіп көріңізші, егер флейтисттер дирижерге партитурада көрсетілгеннен көбірек ойнаймыз деп шағымдана бастаса. Сонда спектакль неге айналушы еді? Құлаққа жағымсыз, ерсі, жай ғана ақымақтық болушы еді.
Түсінемін,опера мен спорттық ойынды жүз пайыз салыстыруға болмайды – бірінші жағдайда партитурасы жазылған, спектакль немен аяқталатындығы белгілі сценарийі болады. Ал спортта ондай болмайды. Бірақ егер ойыншы бірінші қарқыннан, немесе – екінші, үшінші, бесінші, флейтист, иә өзге оркестрант, кез келген уақытта өз ойынын жоғары деңгейде ойнап беруге дайын болса,оркестрдің яғни команданың ойыны сәтті өтті деп айтуға болады.
Колледжіміздің спортшы қыздары маусым бойы тамаша ойындарын көрсетіп, жақсы нәтижелерімен бізді қуанта білді. Тағы біздің волейболшы қыздарымызды жеңістерімен құттықтағым келеді, оларға келесі жылы жаңа жетістіктер тілеймін, биік шындардан көріне берсін демекпін.