АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 25 Қаңтар 2024 08:49

«Орыс тілі мен әдебиеті күні»

2024 жылғы 25 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, «Тілдер әлемі саяхат.  Путешествие в мир языков. Journey into the world of languages» тақырыбында «Филология» ӘБ апталығы аясында, «Орыс тілі мен әдебиеті күніне» бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Күн «Әдеби кейіпкер» тақырыбына арналған суреттер байқау-көрмесін ұйымдастырумен басталды. Білім алушылар өз суреттерінде әдеби шығармалардың сүйікті кейіпкерлерін бейнеледі.

«Орыс тілі күнінің» жалғасы ЧС-12Г, ОТ-12А және ОТ-12Б топтарының білім алушылары арасында ұйымдастырылған «Сөз құпиясы» лингвистикалық квесті болды.

Бұл күн «Оқытудың тиімділігі құралы ретінде заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында мастер-класс өткізумен аяқталды. Іс-шарада қызықты бейнематериалдар, қазіргі заманның өзекті мәселелеріне арналған презентациялар көрсетілді. Аталған іс-шараға қатыcқан колледж оқытушылары музыка, кескіндеме, әдебиет, кинематография сияқты өнер әлеміне толықтай ене алды.