АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 24 Қаңтар 2024 12:04

«Learn English - understand the world!»

2024 жылғы 24 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, «Тілдер әлемі саяхат.  Путешествие в мир языков. Journey into the world of languages» тақырыбында «Филология» ӘБ апталығы аясында, «Learn English - understand the world!» тақырыбында «Ағылшын тілі күніне» бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Оқытушылар мен студенттер ағылшын тілін зерделеуге шабыттандыруға және білімдерін байытуға арналған қызықты іс-шаралар, еліктірерлік интеллектуалды ойындар және көңілді сабақтар дайындады.