АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 23 Қаңтар 2024 06:29

«Қазақ тілі мен әдебиеті күні»

2024 жылғы 23 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, «Тілдер әлемі саяхат.  Путешествие в мир языков. Journey into the world of languages» тақырыбында «Филология» ӘБ апталығы аясында, «Қазақ тілі мен әдебиеті күніне» арналған іс-шаралар өткізілді.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында тақырыпқа сай сәнді безендірілген 1-қабатта БА-11, БББПӘ-11 тобы білім алушыларының қатысуымен «Тіліңді, дәстүріңді, тарихыңды таны, жас ұрпақ!» атты композициялық жанды көрме ұйымдастырылды.

Ісшаралар кезегі ТЖ-11А, ӨҚ-11Б, БА-11, БББПӘ-11 тобы білім алушыларының арасында өткізілген «Тіл-дарын» зияткерлік сайысымен жалғасты. Сайыста білім алушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білім, білік дағдылары, жұрт алдында еркін сөйлеу, жылдам ойлау қабілеттері сыналды. 

Сондай-ақ, колледж оқытушыларымен ұйымдастырылған «Ойлайық та ойнайық!» білім рингінде заманауи педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдеріне бағытталған логикалық тапсырмалар, танымдық, әрі қызықты ойындар ерекше әсер қалдырды.

Мемлекеттік тілімізді құрметтеу, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға бағытталған іс шарада білім алушылар жарасымды ұлттық киімдерін киіп, жан-жақты білімдерін көрсетті. Ұйымдастырылған ісшаралар жоғары деңгейде өтті.