2024 жылғы 16 қаңтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің тәрбие жұмысының кешенді жоспары аясында, «Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының құқықтық пәндер оқытушылары Хабдулин А.Б. және Бекжанова М.Е. екінші курс білім алушыларына «Гендерлік теңдіктің құқықтық негіздері, әйел құқығын қорғау» тақырыбында дәріс өткізді.
Бұл іс-шарада білім алушылар Қазақстанның гендерлік саясаты мен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылады. Талқыланған тақырып студенттерді қатты қызықтырды, дәріс аяқталғаннан кейін олар өз сұрақтарын қойып, пікірлерін білдірді.