АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 17 Қаңтар 2024 11:09

Үздік ғылыми мақалалар байқауы

«Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» Мекемесі жанындағы республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі бейінді колледж студенттері арасында «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы инновациялық технологиялар» тақырыбында ғылыми мақалалар (рефераттар) байқауын ұйымдастырып, өткізді.

Байқауға Қазақстан Республикасы ТжКББ 8 бейінді колледжінен 18 ғылыми жұмыс ұсынылды.

Байқау нәтижелері мынадай негізгі критерийлер бойынша бағаланды: мақалада көрсетілген мәселенің өзектілігі; ғылыми және әдістемелік құндылығы; ұсынылған нәтижелер мен ұсыныстарды қолданбалы іске асыру мүмкіндігі; «Плагиатқа қарсы» бағдарламаны қолдана отырып ұсынылған материалдың түпнұсқалығын бағалау.

Іріктеу нәтижелері бойынша ұйымдастыру комитеті жеңімпаздарды анықтап, дипломдармен марапаттады:

1 орын-Мельников Антон, «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» Мекемесінің 4 курс студенті;

2 орын-Әлібек Ахмет Даниярович, «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК 3 курс студенті;

3 орын-Замятина Екатерина Андреевна, «Ж. К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі» жеке мекемесінің 2 курс студенті;

«Мақаланы үздік ресімдеу» номинациясы бойынша «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесінің 4 курс студенті Жүсіпбеков Тимур Бауыржанұлы жеңімпаз атанды;

«Үздік техникалық идеясы» номинациясы бойынша - Асылбек Ақтілек Жанарбекқызы, «С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі» КМҚК 3 курс студенті.

Байқауға қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін естелік сертификаттар табысталды.