2017 жылдың 31 наурызында «Төтенше жағдайларда қорғау және өрт қауіпсіздігінде оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін жалпылау» «Төтенше жағдайларда азаматтық қорғау негіздеріне білім алушыларды теориялық және тәжірибелік оқыту» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты :
1. Қауіп туындаған кездерде апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуге
дайындау
2. Білім алушыларды төтенше жағдайларда туындаған қауіп-қатерден қорғаушыға оқыту әдістері мен тәсілдері.
3. Білім алушылардың жоғарғы рухани – психологиялық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту мен оны қорғауға әрқашан дайын болуға үйрету жолдары
Семинардың кіріспе бөлімінде колледж оқытушылары құрамына бейнеролик ұсынылды: «АҚКК білім алушыларының арнайы психологиялық дайындықтары» онда білім алушылардың ТЖ-да жою туралы тәжірибелік дағдылары, өрт-құтқарушыларының кәсіби-қолданбалы дайындықтары іс-әрекет алгоритмдері көрсетілді.
Оқытушылар 3-топта жұмыс жасады.
Семинар сабақ, танысу түрінде өтті: АҚЖ көрсету жұмыстары, аспалы орман өрт сөндіргіші, өрт сөндірушіге әскери киімдерін кигізу, "Droger" сығылған ауа аппаратындағы тыныс алу жұмыстары, құтқару түйіндерін байлау.
Әр топта өрт қауіпсіздігі мен төтенше жағдайларда қорғау бағыттары бойынша таныстыру баяндамалары тыңдалды.
Оқытушылар интеллектуалды ойындарға белсенді қатысты: «Кім миллионер болғысы келеді», «Бақытты сәт», «Брейн-Ринг». Пәндік-циклдік комиссия оқытушыларымен әзірленген сайыстармен викториналарға да белсенді қатыса алды.
Семинардың қорытынды бөлігінде әр топтың спикерлері өздері алған білімдері мен тәжірибелік іскерліктерін көрсетіп, алғыстарын білдірді.
Семинар қорытындысы бойынша азаматтық қорғау саласындағы сапалы мамандарды дайындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ұсыныстар қабылданды
Омиралина М.К.