АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 15 Желтоксан 2023 04:07

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара

2023 жылғы 15 желтоқсанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Осы іс-шара аясында үшінші курс білім алушылары әдеби пролог дайындады. ПжЖББП кафедрасының оқытушысы Оралова М.Б. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары туралы баяндама жасады. Оқытушылар мен студенттер 1986 жылғы желтоқсандағы оқиғалардың құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі баршаңызды мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!