2023 жылғы 30 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде колледждің оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысы, курстық жұмыстардың тақырыбын қарастыру және бекіту мәселелері қаралды. Кафедралардың ОӘК төрағалары жұмыс бағдарламаларының мазмұнын талдау, бағалау және жаңарту бойынша ақпаратпен сөз сөйледі. Сондай-ақ, отырыс барысында колледж оқытушылары облыс деңгейінде тәжірибені жинақтау және басып шығаруға жіберу үшін оқу-әдістемелік материалдарды ұсынды.