АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 01 Желтоксан 2023 03:33

«Жайнар» еріктілер клубы

2023 жылғы 29 қарашада АҚЖКК «Жайнар» еріктілер клубы Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Көкшетау қаласы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді.

Білім алушылар арасындағы еріктілер қызметі білім беру тәжірибесінің маңызды және құнды бөлігі болып табылады. «Жайнар» еріктілер клубы қоғамға оң әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар студенттердің жеке және кәсіби дамуына әсер етеді, оларды болашақ қиындықтар мен жауапкершіліктерге дайындайды.