АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 01 Желтоксан 2023 03:30

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия

2023 жылдың 28 қараша күні Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ӨҚ-11Б, ТЖ-11А, БББПӘ-11 тобының білім алушылары Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Білім алушылар мұнда «Абылай хан залы», «Ежелгi және орта ғасырлар тарихы», бiрнеше бөлiктерге бөлiнген «Қазақ этнографиясы» залын, «Ақмола өлкесiнiӊ ХIХ ғасырдағы тарихы», «ХХ ғасырдағы Көкшетау және Ақмола облысы», «Тәуелсiз Қазақстан» заманауи залы мен өлке табиғаты туралы залдарын тамашалады. Өлкеміздің табиғаты мен тарихының, облысты мекендеген халықтарының тұрмысы мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін көрсететін экспонаттарымен танысты.

Кураторлар: Рахметова Р.З., Нурсеитова Р.З., Абильтаева С.Б.