АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 29 Қараша 2023 09:30

«Үздіктердің үздігі» зияткерлік ойыны

2023 жылғы 28 қарашада АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Төтенше жағдайларда қорғау (салалар бойынша)» мамандығының 4 курс білім алушылары арасында «Үздіктердің үздігі» зияткерлік ойыны өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты «Іздестіру-құтқару жұмыстары» пәні бойынша білім алушылардың білімдерін жинақтау және жүйелеу болып табылады.

Мұндай іс-шаралар білім алушылардың интеллектуалдық қасиеттерін тамаша дамытады, өз ойларын нақты, қысқаша және толық жеткізе білу қабілетін қалыптастырады. Сондай-ақ білім алушыларда ойын барысында командалық өзара әрекеттестік дағдыларын дамытады.