АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 05 Сәуір 2017 10:37

"ТЖ қорғау" және "Өрт қауіпсіздігі" мамандықтары бойынша көрсетілімдер

2017 жылдың 29 наурызында  Көкшетау қаласы мектепетрінің 9,11 сынып  оқушылары арасында 2017 олимпиада өтті. Кәсіби бағдар жұмыстарының мақсатында  Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің оқу-жаттығу кешенінің аумағында мұғалімдер мен оқушылар  ТЖ Қорғау және Өрт қауіпсіздігі мамандықтары бойынша көрсетілімдерді тамашалады.

Іс-шараға ТЖ-32, ТЖ-31 топтарының білім алушылары қатысты,  олар кәсіби-қолданбалы дайындықтан тәжірибелік дағдыларын көрсетті:  

- «Дабыл»  қарауыл белгісі бойынша кезекшінің іс-әрекеті (өрт сөндіргіш заттары мен өрт ошағын берумен толық әскери дайындық);

- жылу-түтін камерасында оқу-жаттығу кешеніндегі жұмыс газ түтіннен қорғау қызметі;

- штурмдық сатылармен оқу өрт мұнарасының 3-ші қабатына шынжырмен өрлеу;

- оқу өрт мұнараларының 3-қабатынан құтқарушы арқанының көмегімен зардап шеккенді іздестіру тәсілдері және өрт сөндірушінің өзін құтқару;

- зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсету.

Көрсетілімдерді ұйымдастыру мен өткізуге ТЖ Қорғау және Өрт қауіпсіздігі пәндерінің оқытушылары жұмылдырылды.

IMG 20170329 WA0031

Акиньшин Н.А.