АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 27 Қараша 2023 05:05

«Газ-түтіннен қорғаушыны дайындау» пәні бойынша ашық сабақ

2023 жылдың 22 қарашасында АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында арнайы пәндер оқытушысы Акиньшин Николай Анатольевич «Газ-түтіннен қорғаушыны дайындау» пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «ТОЖҚҚ тексерулерін жүргізудің мақсаты, түрлері мен мерзімдері».

Іс-шара қызықты өтті, барлық студенттер белсенді қатысты. Білім алушылар көптеген жаңа ақпаратты біліп, оларды қызықтырған сұрақтарын қойды.

Ашық сабақтар оқытушыға өз оқыту әдістерін көрсетуге, инновациялық тәсілдер мен шығармашылық әдістерді қолдануға мүмкіндік береді. Бұл өз кәсібилігін және біліктілігінің жоғары деңгейін көрсетудін жақсы тәсілі.