29 наурыз күні Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде дәстүрлі түрде дарынды оқушыларды анықтау мақсатында, жалпы білім беретін пәндерден қала мектептері оқушыларына аналған олимпиада өткізілді. Білім сынағы қазақ тілі (қазақ және орыс сыныптары үшін), орыс тілі (қазақ және орыс сыныптары үшін), ағылшын тілі, математика, физика, биология, информатика және тарих пәндерінен өтті. Олимпиадаға 16 мектептен 90 оқушы қатысты. Тартысты өткен білім додасы жеңімпаздарына колледжде білім алу үшін жеңілдіктер тағайындалып І,ІІ.ІІІ орындар берілсе, жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Колледж қабырғасында білімді жастарды қолдауға арналған аталған іс-шаралар легі жалғасын таба бермек.
Тойлыбаева У.О.