АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 17 Қараша 2023 08:13

«Tomorrow’s world» тақырыбында ашық сабақ

2023 жылғы 15 қарашада АҚЖКК ағылшын тілі оқытушысы Садуова Сабира Аманжоловна Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының кестесіне сәйкес УиА-12 тобының білім алушыларымен «Tomorrow’s world» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Бұл сабақтың мақсаты «Tomorrow' s world» тақырыбы бойынша өткен лексикалық материалды қайталау және келер шақты монолог және диалог түрлерінде сөйлеуде қолдана білу. 

Сабақ барысында «Wordwall», «Youtube», «PowerPoint Crossword», «Crocodile» ойын-сауық-танымдық ойыны, рефлексия технологиялары белсенді түрде қолданылды.

Танымдық және қызықты өткен сабаққа барлық білім алушылар белсенді қатысты. Рефлексия кезеңі студенттердің сабаққа риза екенін және сабақтың мақсаты орындалғанын көрсетті.

Ағылшын тілі оқытушысы: Садуова С.А.