10.03.2017 жылы Азаматтық қорғаныс көпсаалалы колледжінде «Дене тәрбиесі және спорт, АӘД, дизайн оқытушыларының педагогикалық шеберлігін жалпылау» семинары өтті.
Семинар тақырыбы: «Денсаулықты сақтау мен білім беру технологияларын тиімді қолдану»
Семинар басында пән әдістемелік бірлестігінің жеткшісі Болатова А.Ж. келушілерді семинар мақсаты мен міндеттерімен таныстырды. Алғы сөзден кейін колледж оқытушылары шақыру билеттері бойынша секцияларға бөлінді, оларды олимпиада ұранына сәйкес «Жылдам», «Күшті» және «Жоғары» деп атады.
«Жылдам» тобында Перешивкин И.В. «Денсаулықты сақтау мен білім беру технологияларын тиімді қолдану» атты баяндама- презентация жасады, Перешивкин И.В. және Курманов К.К бірлесе отырып «Белсенді ДАРТС» қимыл ойынын өткізді, алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Кайникенов А.Б. «Денсаулықты сақтау мен білім беру технологияларын АӘД және ТҚ пәндерінде тиімді қолдану» атты презентация – баяндама жасады.
«Күшті» тобында Перешивкин В.В. семинар тақырыбы бойынша баяндама-презентация жасап, өз технологиясын дене тәрбиесінде қалай пайдаланатынын көрсетті. Әдікен М.М. тыныс алу гимнастикасы бойынша баяндама оқып, жаттығуларды семинарға катысушылармен бірге жасады. Мукушев А.Б. шынығу гимнастика элементтерін көрсетіп және оның пайдасы туралы айтты.
«Жоғары» тобында Шаменов А.Т. денсаулықты сақтау мен білім беру технологияларын сабақтан тыс дайындық жаттығуларында тиімді қолдануды көрсетті. Лесбай А.Б. ұлттық «Бес асық» ойынының ережелері мен ұтымды жақтарын көрсетті. Тыщенко Н.А. «Туризм» атты интеллектуалды ойын түрін кқрсетті, жол-сапарға қалай дайындаламыз деген.
Дене тәрбиесі және спорт, АӘД оқытушылары өздерінің теориялық және жаттықтыру сабақтарында қолданылатын технологияларын көрсете білді.
Ал дизайн оқытушылары Корнева О.С., МоисеенкоН.Г., Бейсенбаева Г.А. өздерінің технологияларын шеберліктері бойынша көрсете білді. Олар жіп, қағаз, шарлармен жұмыс түрлерін көрсетті.
Семинар соңында рефлексия жасалды.
Тапсырмаларды орындау барысында семинарға қатысушылар өздерінің педагогикалық шеберлігін, майталмандығын, тапқырлығын, бейімділігін, логикасын көрсете білді.
Семинар мазмұнды және қызық өтті. Семинарға қатысушылар жалдың жылы мезгілінде осы іс – шараны практикалық жүзінде табиғатта өткізулеріне ұсыныс білдірді.
Болатова А.Ж.