АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 17 Сәуір 2015 09:35

«Махаббат аялдамасы»

            «Махаббат  аялдамасы» атты жас өнерпаздардың  театрландырылған шоу-бағдарламасы

Көктемнің  нұрлы  жайма шуақ күндерінің   бірінде , Махаббат күніне арналған «Махаббат  аялдамасы» атты жас өнерпаздардың  театрландырылған шоу-бағдарламасына « Көкше» колледжінің студенттері  қатысып, өз өнерлерін көрсетті. 

Бағдарлама ұйымдастырушысы: Көкшетау  қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі  жанындағы  «Достар» мәдениет сарайында   болып өтті.

Осы байқауға атына заты сай,көркіне  сымбатты,көрікті,әдемі ,өнерлерімен дараланған ару қыздар мен жігіттер  қатысты.

 «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» атты «Махаббат аялдамасы» байқауына  «Көкше»академиясы  құрамындағы  колледжінің  қатысқан студенттері:

 1-жұп  Батырбек  Жанболат пен Мұхатай Айгерім

2-жұп  Смайл Еркеғали  мен  Наухан  Бибінұр   

Бағдарлама  тапсырмалары:

1.Қыз бен жігіттің  аялдамада  танысу себептерінен  көрініс,ситуация-регламент 1-мин

2.Қатысушы жұптар өз өнерлерін көрсетеді (би,ән, әдеби композиция т.б.) 3-мин

3.Қазақ әдебиеті  мен тарихындағы ғашықтар образын театрландырылған көрініс арқылы сомдау-регламент  2-мин

 Өзін-өзі таныстыру бөлімінде ;Жанболат пен Айгерім  аялдамадағы танысуды көрсетсе,Еркеғали мен Бибінұр ауыл көрінісіндегі суға барған қыздың танысуын көрсете білді.

Өз өнерлерін көрсету бөлімінде:Жанболт пен Айгерім «Бақыт құшағында»әнін  нақышына келтіріп орындап берсе,Еркеғали мен Бибінұр  топпен «Қара жорға» биін  билеп берді.

Ғашықтар образы көрінісінде:Жанболт пен Айгерім «Қозы Көрпеш  Баян сұлу»үзіндісінен ,ал Еркеғали  мен  Бибінұр «Ақан сері мен Балқадишаның» махаббатын сомдады.

      Осы байқаудың  ерекшелігі   дарынды шығармашыл жастардың өркендеуіне,мәдени-этикалық құндылықтарды тәрбиелеу,жастарға асыл да кіршіксіз мөлдір махаббатты аялауға қадірлеуге  үйрету.Қатысушы студенттер  өз өнерлерін көрсете отырып,шоу бағдарламаға өз  шеберлігін  тамашалап,жоғары  дәрежеде көрсете білді..

  Байқау нәтижесі бойынша  дипломмен марапатталып,1-жұп «Сүйкімді жұп » номинациясына  .2-жұп  «Көңілді жұп» наминациясына ие болып,сыйлықтармен марапатталды.

«Көкше» колледжінің  өнерлі ,жас  таланттары   екендігін дәлелдеп берді. 

 Автор: Бекахметова.Ж.С

Сайт бойынша іздеу

att2023  

platonus

logo ruҚазақ тілі

вестник

gupr

agency

history

rnsp