АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 17 Қараша 2023 05:08

Тренинг-сабақтары

2023 жылғы 15 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің педагог-психологы Мазбаева Г.А. 2, 3 курс білім алушылары арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша тренинг-сабақтарын өткізді.
Қазіргі білім беру кеңістігінде сапалы оқытуды ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз ортаны да қамтамасыз ету аса маңызды. Бұл тренинг колледжде зорлық-зомбылықтың алдын алу дағдыларын дамытуға, толерантты, саналы және қауіпсіз қоғам құруға бағытталған.