АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 16 Қараша 2023 05:02

Жас педагог мектебі

2023 жылғы 15 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Жас педагог мектебінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде оқу-әдістемелік жұмыс мәселелері қаралды. Тәлімгерлер Мусиланбек Н.М. және Дашковская Е.В. «Оқу сабағының құрылымдық элементтері, әртүрлі типтегі сабақтарды құру» тақырыбындағы жаттықтыру сабағын ұсынды. Тәжірибелі оқытушылар Булатова М.А. және Михайлова С.Н. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесінің ерекшелігі» мастер-класын өткізді. Сондай-ақ, колледж психологы Мазбаева Г.А. ұжымды біріктіруге бағытталған тренинг өткізді.