АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 15 Қараша 2023 04:39

Құттықтаймыз!

2023 жылғы 7-10 қарашада «Кезең» облыстық спартакиадасы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары арасында Тоғызқұмалақ және Асық ату ұлттық ойындары бойынша жарыстар өткізілді.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша жеке-командалық есепте жақсы нәтижелер көрсетті:
• ДТ-11 тобының студенті Мұхаметжан Ілияс – 1 орын;
• ДТ-1-23 тобының студенті Сабитов Адильтас – 3 орын;
• БББПӘ-21 тобының студенті Нигметова Аруана – 3 орын;
• ТЖ-31А тобының студенті Дидарова Назигуль – 3 орын.
АҚЖКК командасы бұл жарыстарда жалпы командалық құрметті 3 орынға ие болды.
Ал «Асық ату» ойыны бойынша командалық есепте АҚЖКК білім алушылары келесі үздік нәтижелерді көрсетті:
• ТЖ-41А тобының студенті Сираж Асқуан, ТЖ-1-23 тобының студенті Испол Айтуар және ФК-32С тобының студенті Абилов Тимур – 1 орын.
Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!

Кескіндер галлереясы