АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 11 Қараша 2023 04:14

Кездесу

2023 жылғы 8 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық акциясын өткізу шеңберінде, студенттердің ЮПБ аға учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Турсимбаева Н.К. қатысуымен кездесуі өтті.
Профилактикалық дәрістің тақырыптары:
- «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг»;
- «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу»;
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу туралы дәріс жасөспірімдердің заңға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған маңызды мәселелерді қамтиды. Білім алушыларды буллинг, кибербуллинг және құқық бұзушылық мәселелері туралы қажетті біліммен қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамда жауапты және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ете отырып, оларды алдын алудың тиімді құралдарымен жабдықтау осы іс-шараның басты мақсаттары болып табылады.
Әңгіме барысында полиция капитаны Турсимбаева Назира Каппасовна білім алушыларға нақты мысалдармен қылмыстық заңның негізгі қағидаттарын түсіндірді.