2023 жылғы 10 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Колледж студенттерінің денсаулығын сақтау мінез-құлқын қалыптастыру» тақырыбында оқу топтарының старосталарына арналған семинар өтті.
АҚЖКК медицина қызметкері Ковальчук Алена Викторовна студенттердің сынақ-емтихан сессиясы кезіндегі стресстік жағдайларына және олардың алдын алуға баса назар аударды. Семинар барысында білім алушыларға денсаулықты сақтау және оны нығайту, аурулардың, жарақаттанудың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.
Бұл іс-шара білім алушыларға салауатты өмір салтын сақтау үшін қажетті білімді беріп қана қоймай, сонымен қатар олардың физикалық және психологиялық әл-ауқатына қатысты мәселелерді талқылау үшін жақсы тұғырнама қалыптастырады.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 13 Қараша 2023 04:04