АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 10 Қараша 2023 11:37

Құттықтаймыз!

2023 жылғы 6-8 қараша аралығында Астана қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары арасында футзалдан бірінші «T-LEAGUE» Халықаралық кубогы өтті.
Турнирге 8 мықты команда, өткен жылғы чемпионаттар мен өз аймағындағы турнирлердің жеңімпаздары қатысты.
Осы турнирдің қорытындысы бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы 3 орынға ие болды.
Сондай-ақ, турнирдің «Үздік бомбардир» номинациясында АҚЖКК ФК-1-23 тобының студенті Ашарапов Акрам және «Үздік жаттықтырушы» номинациясында АҚЖКК жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушысы Кокан Мерген марапатталды.

Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!