2023 жылғы 13 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Педагогикалық этика: мәні мен маңызы» тақырыбы бойынша педагогикалық кеңестің жоспардан тыс отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: «Оқытушының кәсіби мінез-құлқының этикасы». Осы мәселе бойынша колледж директоры Тюлебаев Аскербек Жамантаевич сөз сөйледі.
Бұл күндері мұғалімнің өзін қаншалықты дұрыс және әдепті ұстайтынына көп көңіл бөлінеді. Педагогикалық этика этика ғылымының дербес бөлімі болып табылады және педагогикалық моральдің ерекшеліктерін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы адамгершіліктің жалпы қағидаларын іске асырудың ерекшеліктерін анықтайды, оның функцияларын және этикалық категориялардың мазмұнының ерекшеліктерін ашады. Педагогикалық этика кез-келген оқытушының қызметіндегі маңызды құрамдас болып табылады.