АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 12 Қазан 2023 08:24

Экскурсия

2023 жылғы 12 қазанда Құтқарушылар күні мерекесі қарсаңында және колледж студенттері арасында өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу мақсатында, АҚЖКК арнайы пәндер оқытушысы Берденов Д.Ж. ТЖ-21В және ЧС-22А топтарының білім алушыларымен бірлесіп Көкшетау қаласының №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды. Бөлім басшылығы бөлім үй-жайлары бойынша қызықты экскурсия өткізді, кезекші ауысым басшысы білім алушыларды арнайы өрт, авариялық-құтқару техникасымен және құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтармен таныстырды. Оқушылар бөлім қызметкерлерімен өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысы туралы әңгімелесті.

Кескіндер галлереясы