2022-2023 оқу жылы аралығында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГА» бағдарламасында «Кезең» 20-шы облыстық спартакиадасы өтті.
Аталған іс-шараға 15 түрлі спорт түрлері бойынша 30 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қатысты.
Спартакиада қорытындысы бойынша Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі жалпыкомандалық 1-ші орынға ие болды!
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!