АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 18 Қыркүйек 2023 12:00

Оқу-әдістемелік кеңестің отырысы

2023 жылғы 14 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде оқу-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.

Күн тәртібінде колледждің оқу-әдістемелік және ғылыми жұмысы, педагогикалық құрамды аттестаттаудың және біліктілігін арттырудың болашақты жоспарларын бекіту, сондай-ақ кафедралардың әдістемелік күндерін өткізу кестелерін және ашық сабақтар кестелерін бекіту мәселелері қаралды. Аталған мәселелер бойынша колледж директорының орынбасарлары мен оқу-әдістемелік кеңесінің мүшелері сөз сөйледі.