2023 жылғы 8 қыркүйекте АҚЖКК конференц-залында, Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Курсанова Разия Талғатқызы шақыруымен, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, есірткінің әртүрлі түрлерін қолданудың белгілері мен салдарын зерделеу мақсатында «Жастар және есірткілер» диалог алаңы нысанында іс-шара өтті.
Іс-шара қатысушылары болашақта алған білімдерін пайдалана отырып, әкімшілікке құқық бұзушылықтардың алдын алуда белсенді көмек көрсететін, қоғамдық пікір көшбасшылары болатын оқу топтарының топ басшылары болды.
Іс-шара барысында білім алушылардан «Еркін микрофон» аясында көптеген сұрақтар мен сөздер келіп түсті. Барлық сұрақтарына студенттер көлемді жауаптар алды.
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 09 Қыркүйек 2023 12:02