2023 жылғы 6 қыркүйекте АҚЖКК жатақханасында бірінші курс студенттерінің колледж әкімшілігімен және «Панацея» клиникасы жанындағы Жастар денсаулық орталығының өкілімен кездесуі ұйымдастырылды.
Бұл кездесудің басты мақсаты студенттерді жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерімен, Техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы іс-шаралар жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру, сондай-ақ ерте жыныстық қатынастар мен жүктіліктің алдын алу бойынша әңгімелесу болып табылады.
Бұл іс-шара қатысқан әрбір білім алушы үшін өте танымдық және қызықты болып шықты.