2023 жылғы 6 қыркүйекте бірінші курс студенттерінің бейімделу кезеңі аясында, АҚЖКК құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі инспекторы Кошкенова Айжан Омарбаевна «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс жастар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдерде құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Бұл іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған құқықтық сипаттағы барлық сұрақтарға жауап алды.