2023 жылғы 7-9 маусым аралығында Көкшетау қаласында ҰОС ардагері, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, 1964 жылдан 1975 жылға дейінгі ҚазКСР Ішкі Істер министрлігінің Өрт сөндіру басқармасының бастығы, Балабас Александр Григорьевичтің 100 жылдығына орай өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының Кубогына арналған VI турнир өтті. Жауынгерлік тәжірибе, кең білімдер мен ұйымдастырушылық дарын оған өрт қауіпсіздігі органдарын жандандыру бойынша пәрменді жұмысты реттеуге, білікті дайындықты күшейтуге, сондай-ақ өрт күзеті кадрларын тәрбиелеу жөніндегі көптеген маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің командасы аталған жарыстарға белсенді қатысты.