АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 31 Мамыр 2023 11:31

«АҚЖКК Үздік жас оқытушысы»

2023 жылғы 26 мамырда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «АҚЖКК Үздік жас оқытушысы» дәстүрлі байқауы өтті.

Бұл байқау жас оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне колледждің заманауи білім беру ортасында шығармашылық және кәсіби шеберліктерін жетілдіруге көмектеседі.

Байқауға «Үздік жас оқытушы» кафедралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысты.

Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар:

Гран-при – Шахтай Арайгуль Мараткызы, Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;

1 орын – Бекназар Айдана Берікқызы, Педагогикалық және жалпы білім беру пәндер кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;

2 орын – Исаков Біржан Жеткірбайұлы, Азаматтық қорғаныс кафедрасының өндірістік оқыту шебері;

3 орын – Орал Серікболсын Маратұлы, Азаматтық қорғаныс кафедрасының өндірістік оқыту шебері;

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!