АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 30 Мамыр 2023 06:08

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

2023 жылдың 23 мамырында колледж студенттерінің арасында  Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.       

Мақсаты: білім алушылардың теориялық білімі мен практикалық шеберлігін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін арттыру, дарынды білім алушыларды анықтау және дамыту болды.

Олимпиадаға Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі атынан қатысқан «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің 1 курс студенті Тоқтыбаева Жанна 3-орынды иеленіп, Дипломмен, бағалы сыйлықтармен, жетекшісі Ибраева Гульмайра Ескендировна Алғыс хатпен марапатталды. 

Құттықтаймыз!