АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 03 Мамыр 2023 08:51

«KitapFest-2023 білім әлемінде» семинар

2023 жылдың 27-28 сәуірінде Алматы қаласында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы және «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығымен бірлесе ұйымдастырған «KitapFest-2023 білім әлемінде» тақырыбында колледж кітапханашыларына арналған семинар өтті. Семинар Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған «Жас талап» жобасын іске асыру мақсатында өткізілді.

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кітапхана меңгерушісі Баджанова Тұрсынгүл Қосанқызы осы іс-шарада «Оқуға құштар колледж» республикалық жобасын іске асырудағы кәсіби шеберлігі, колледж студенттеріне көркем шығармаларды оқытудағы жетістіктері үшін құрмет грамотасымен марапатталды.