АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 29 Сәуір 2023 04:10

«Кафедраның үздік жас оқытушысы - 2023» байқауы

2023 жылдың 27 сәуірінде АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында жыл сайынғы «Кафедраның үздік жас оқытушысы - 2023» байқауы өтті.
«Кафедраның үздік жас оқытушысы - 2023» байқауы жас оқытушылардың дайындық сапасын арттыру, педагогикалық қызметте шығармашылықты дамыту және өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау үшін өткізіледі.
Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар:
Гран-при – Бекназар Айдана Берікқызы, Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының арнайы пәндер оқытушысы;
1 орын – Шахтай Арайгуль Мараткызы, Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының Қазақ тілі және әдебиеті оқытушысы;
2 орын – Мамрин Ерасыл Бейбутович, Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының Дене тәрбиесі оқытушысы;
3 орын – Коке Асылбек Қабайұлы, Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының Дене тәрбиесі оқытушысы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!