АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 24 Сәуір 2023 03:11

«Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola 2023» аймақтық чемпионаты

2023 жылғы 20-21 сәуір аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің базасында «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola 2023» аймақтық чемпионаты өтті. Ақмола облысының 5 колледжі қатысты.
Чемпионат 4 модульден тұрды:
Модуль А. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу.
Модуль В. Білім беру ұйымының ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) және қызметкерлерімен өзара әрекеттесу.
Модуль С. Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын нығайтуға және дене бітімін дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру.
Модуль D. Педагог-тәрбиешінің жеке сайтын құру.
АҚЖКК ДОВ-22С тобының студенті Яшкина Екатерина чемпионат қорытындысы бойынша 1 орынды иеленді.
АҚЖКК жыл сайын еңбек нарығына педагогикалық мамандықтардың білікті мамандарын даярлап шығарады. Материалдық-техникалық базаны дамыту, оқыту процесін жақсарту және педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру біздің басым мақсаттарымыз.
Студентті чемпионатқа дайындаумен айналысқан оқытушыларға шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз және табыс тілейміз!