АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 11 Сәуір 2023 10:26

«Ғылым – болашаққа жол» ғылым аптасының салтанатты ашылуы

2023 жылғы 10 сәуірде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Ғылым – болашаққа жол» ғылым аптасының салтанатты ашылуы және білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы аясында «Ғылым арқылы мамандыққа» ғылыми-практикалық конференциясының бірінші күні өтті.
Ұйымдастырушылар іс-шараға қатысушылар мен қонақтар ғылым әлеміне еніп, қызықты және танымдық уақыт өткізуі үшін аптаның әр күніне арналған бай бағдарлама дайындады.