2023 жылдың 1 сәуір күні АҚЖКК ӨҚ-31Б, ТЖ-31Б топ студенттері, кураторлары Омиралина М.Қ. және Жаркина М.А. жетекшілігімен, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (Көкшетау қ.) Жедел-құтқару жасағына барды. Бұл мекемеге барудың мақсаты білім алушыларды жасақтың қызметін ұйымдастырумен, оның құрылымдық құрамымен таныстыру болып табылады. Мекемеге барған кезде жасақ қызметкерлерімен техникалық қару-жарақ, құтқару техникасы, табиғи және техногендік сипаттағы түрлі жағдайларда құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жасақтың қызметі көрсетілді.
Омиралина М.К., Жаркина М.А.